jasqazaq.kz

Лауазымды полицейлер қызметінен қуылды

22 сәуiр 2020, 12:00

Алматы қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының басшысы Ж.Зиадин блокпостан өтіп кеткен элиталы көліктер үшін жұмысынан шығарылды.

ҚР Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Алматыда блокпост арқылы заңсыз өту фактісі бойынша төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 5 адам ұсталып, 10-нан 15 тәулікке дейін тұтқындау түріндегі әкімшілік жауапқа тартылды. Барлық 4 элиталы автомобиль айып тұрағына қойылды. Кортежге қатысқан тағы екі адамға іздеу салынған. Осы ретте аталған фактіге жол берген және олардың жолын кесу шараларын қабылдамаған полиция қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды.

Бұған қоса, Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ж.Зиадин, сондай-ақ патрульдік полиция полкі командирінің орынбасары Е.Қуанышбаев қызметтерінен босатылды. 21 сәуір күні видеоконференция байланысы режимінде өңірлік бөлімшелердің басшыларымен өткен кеңесте Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев аталған фактіге қатысты нақты ұстанымын білдірді.

«Құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ішкі істер органдары қызметкерлерінің негізгі міндеті болды және болып та қала береді. Төтенше жағдай мен карантин режимін бұзуға, оның үстіне жеке құрам тарапынан жол беруге болмайды. Мұны қатардағы қызметкерлермен қатар олардың басшылары да есте сақтауы тиіс», — деді Ерлан Тұрғымбаев.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия