jasqazaq.kz

Лауазымды полицей «өзінше билік ету» күдігімен қамалды

22 сәуiр 2022, 21:16

Бүгін Шымкент қалалық полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Түркістан облысындағы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің бастығын ұстады. Ол «өзінше билік етті» деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр.

«ҚР ҚК-нің 389-бабы «өзінше билік ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Түлкібас аудандық полиция бөлімі бастығының Шымкенттегі автосалондардың бірінен көлікті заңсыз айдап кеткені туралы ақпарат тараған еді. Полиция подполковнигінің «GCA-Оңтүстік» ЖШС-не қарасты автосалоннан «Киа Саренто» көлігін өз бетімен мініп кеткені айтылған болатын.

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр