jasqazaq.kz

Латвияда гүлдің жаңа сортына Димаштың есімі берілді

20 маусым 2020, 15:03

Латвияда таураушанның жаңа сортына қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген есімі берілді. 

«Әлемдегі жалғыз «Димаш Құдайберген» енді Лативияда тұратын болды! Бүгін таураушанға (рододендрон) тәжірибе жүргізетін «Babīte» тәлімбағынан латвиялық сертификат алдық. Енді 2020 жылдың 24 мамырынан бастап, Жер планетасында «Димаш Құдайберген» атты жаңа таураушан сорты бар. Бір жылдан кейін Димаштың келесі туған күнінде Англияның корольдік бау-бақша қоғамдастығының таураушан бойынша халықаралық сертификаты алынады деп үміттенеміз», — деп жазылған Димаштың латвиялық жанкүйерлер клубының Instagram парақшасында.

Жанкүйерлер клубының хабарлауынша, әзірге бұл түп шынында да әлем бойынша жалғыз, сондықтан ол «Babīte» таураушандар саябағының басты аллеясына отырғызылады және сорттың кімге арналғандығы туралы арнайы тақтайша қойылады. «Біраз уақыттан соң тәлімбақтан оның көшеттерін алуға болады. 5-7 жылда кішкентай көшет көркем түп ағашқа айналады. Оның биіктігі 2-3 метрге дейін жетеді және 200 жылға жуық өмір сүреді. Димашқа да таураушанды сыйға тартамыз деп үміттенеміз! Оған да таураушан секілді ұзақ шығармашылық ғұмыр тілейміз! Жаңа сорт та Димаштың әндері секілді әрбір елде болсын!», — дейді жанкүйерлер.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия