jasqazaq.kz

Лаңкестікке шақырған адам ұсталды

22 қараша 2019, 11:05

Лаңкестікке үндеймін деп тұтылды. Түркістан қаласында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына мүше болуға ашық шақырып жүрген тұрғын ұсталды. Арнайы жасақ 39 жастағы жиһадшыны көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен тұтқындаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Темір Стамбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол, имамдарға ілімдерінің «жаңсақ» екенін айтып салғыласып, жамағат арасында бірнеше мәрте бүлік салыпты. Өзі әйелімен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, «салафизмді» үйретіпті. Үйін сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ боп жүр екен. Алайда зорлық-зомбылықпен жәннатқа кіргісі кеп жүрген ол темір тордан бір-ақ шықты. Енді лаңкестікті насихаттау бабымен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал әбден шошынып қалған отбасымен психологтар мен теологтар жұмыс істеп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда