jasqazaq.kz

Лаңкес Uber компаниясында жүргізуші болған

01 қараша 2017, 10:56


Нью-Йоркте лаңкестік жасап, 8 адамды ажал құштырған күдікті Uber компаниясында жүргізуші болған екен.

Аталған компания өкілінің мәліметінше, күдікті шынымен Uber-де жұмыс жасаған және биографиялық мәліметтері тексерістен өткен.Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Айтуларынша, күдіктіні Uber қосымшасында бұғаттап тастаған көрінеді. Қазіргі таңда компания құқық қорғау органдарымен байланысып жатыр.

Естеріңізге салайық, Нью-Йоркте ер адам жүк көлігімен көшедегі жұртты қағып, артынша мектеп автобусына соғылды. Салдарынан 8 адам көз жұмып, тағы оннан астамы жараланған. Марқұмдар арасында Бельгия және Аргентина азаматының бары анықталды.

Сондай-ақ ҚР СІМ баспасөз жетекшісі Әнуар Жайнақов Нью-Йорктегі лаңкестік нәтижесінде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық