jasqazaq.kz

Ләйлә Сұлтанқызы ұлының менингитті қалай жеңгенін айтты

08 маусым 2018, 14:16

13 адамның өмірін қиған менингит дерті қазақстандықтардың үрейін ұшырғаны рас. Бүгінде ел халқы не істеу керектігін білмей қалды. Десе де, күні кеше билік басындағылар менингококк инфекциясының бәсеңдеп келетінін айтқан болатын.
Stan.kz хабарлағандай, бұл орайда Ләйлә Сұлтанқызы 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында 6 жасар ұлының менингитті қалай жеңгенін әңгімелеп берді. Оқиға осыдан үш жыл бұрын орын алған екен.

“Осыдан үш жыл бұрын менің кіші ұлым 6 жасар кезінде серозды менингитпен ауырған болатын. Дәл сол кезде де бізді екі тәулік бойы уланып қалудан емдеген еді. Тек қана үшінші тәулікте жарыққа қарай алмаған кезінде дабыл қағылды. Сол кезде барып қана нақты осындай түрі деп айтылды.

Ауруды қайдан жұқтырғанын да анықтай алмады. Өйткені ол балабақшаға, бассейнге баратын. Барлық жерді тексерді, ешкім ауырған жоқ, ештеңе табылған жоқ. Сондықтан ол қабынудан, кез келген жерде аяқ асты болуы мүмкін екен. Барлығына дайын болуымыз керек. Ең бастысы, аналар өте мұқият болса деймін. Біз кейде байқамай қаламыз, тұмауға балап кетуіміз мүмкін. Міндетті түрде дәрігерге апарып көрсету керек”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде