jasqazaq.kz

Күзетші 11 жасар қызды екі жыл бойы зорлап, екіқабат еткен

30 қантар 2018, 16:53

11 жасар қытай қызын 50 жастағы күзетші екі жыл бойы зорлап келген. Бұл туралы жәбірленушінің ата-анасы жасөспірім жүктілігінің бесінші айына келгенде бір-ақ білді деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Леленің анасы қызының денсаулығы сыр беріп жүргендіктен дәрігерге алып барады. Тексеру нәтижесінде ол жүктіліктің бесінші айына келгені анықталған. Мұндай сұмдықты естіген әйел қызын мектепте зорлады деп күдіктеніп, бірден полицияға хабар беріпті.

Белгілі болғандай, 50 жастағы мектеп күзетшісі Лю Баомин екі жылдан бері оқушыны зорлап келген екен. Оқу орнынды бес жылдан бері жұмыс істеп жүрген азаматтың үстінен ешқашан шағым түспеген және өз отбасы бар екен.

Айта кету керек, Леле сыныбында ең үздік оқитын оқушылардың бірі болған. Ал соңғы уақытта ол тым сабырлы болып қалыпты.

Тәртіп сақшылары қылмыскерді қамауға алып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды