jasqazaq.kz

Күзет қызметкерлері өз клиенттерін тонаған

04 ақпан 2020, 13:36

Алматыда жекеменшік үйлерді күзетуді мойнына алған ЖШС қызметкерлері сол үйлерді тонап отырған.

Олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып құнды заттарды үптеп отырған. Қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 23 жастағы үш жігіт пен 54 жастағы ер адам үй иелері туралы барлық мағлұматты білген соң, олардың үйде жоқтығын пайдаланған. Бір түнде екі үйге түсіп, жарты миллион теңгенің мүлкін тонаған. «Үй иелерінен шағым түсе бастаған соң тергеушілер видеокамералардағы ақпаратты тексере бастады. Сол кезде ұрылардың күзет қызметінің қызметкерлері екендігі анықталды. Олар мінген көлігі арқылы танылды. Қазір төртеуі де уақытша оқшаулау орнына қамалды. ҚР ҚК 188-бабының 3-бөліміне сәйкес тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Наурызбай ауданы полиция басқармасының басшысы Дидар Ақанов.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия