jasqazaq.kz

Күзет қызметкерлері қамауға алынды

06 қантар 2020, 16:02

Оралда ер адамды ұрып-соққан жеке күзет агенттігінің қызметкерлері Аян Кафизов пен Абзал Әділов қамауға алынды. 

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл екеуіне ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) айып тағылып отыр. Тергеу мәліметі бойынша оқиға өткен жылғы 25 желтоқсанда шамамен сағат 05.00-де болған. Аталған күзет қызметкерлері наркологиялық диспансер ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзу жөніндегі хабарлама бойынша келген. Оқиға барысында жәбірленушіге ауыр дене жарақаттарын келтірген. Бастапқыда тергеу сотының судьясы барлық мән-жайлар анықталмағандықтан, күдіктілерді қамауға алу жөніндегі өтінішті ішінара қанағаттандырды. Яғни 10 тәулікке қамады. Қазіргі уақытта істің қосымша дәлелдемелері белгілі болғандықтан, күдіктілерді қамау екі айға ұзартылды. Күдіктілердің бірі А.Кафизовқа қатысты 3 млн теңге мөлшерінде кепіл көлемі белгіленді. Оны енгізген жағдайда бұлтартпай ұстау шарасы өзгертіледі. Кепіл мөлшерін белгілеуге бұл күдіктінің оңды мінездемесі, соттылығының жоқтығы және тұрақты мекен-жайының бар екендігі негіз болды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. Екінші күдікті Абзал Әділов 2017 жылы күзде шымкенттік бейтаныс қызға бір бүйрегін беріп, аман алып қалған болатын. Айта кетейік, БҚО полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, 25 желтоқсан күні сағат 05.00-де «Омега» зауыты ауданындағы «Конденсат» автомай құю стансасында ер адамды ұрып жатқаны жөнінде хабар түседі. Оқиға орнынан ер адамның қанға боялған денесі табылды. Қылмысқа күдікті ретінде бастапқыда «Сова» жеке күзет қызметінің бес қызметкері ұсталды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 32 жасар ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға апара жатқан мезетте көз жұмды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия