jasqazaq.kz

Күзет агенттігінің көлігіне қарулы шабуыл жасалды

25 маусым 2020, 13:57

Қарағандыда қаруланған екі белгісіз адам күзет агенттігінің көлігіне шабуыл жасады.

Жол-көлік оқиғасын әдейі ұйымдастырған қарақшылар, көлік шіндегі адамдарға қару кезеніп, автокөліктегі ақшаны алып кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

25 маусым сағат 10.40-та Қарағанды қаласы Складская көшесінде «ВАЗ 2110» көлігіне мінген екі белгісіз адам «Лада Гранта» автокөлігімен жол-көлік оқиғасын ұйымдастырған. Автокөлік қаладағы күзет агенттіктерінің біріне тиесілі. Қылмыскерлер 24 жастағы күзетшінің ақшасы мен қаруын алып кеткен.

«Осы факт негзінде ҚР ҚК 192-бап, 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Сирена» жоспары жарияланды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті.

Күдіктілерді анықтап, оларды қолға түсіруге облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия