
Индонезияның Ява аралындағы Сукабуми қаласында екі жасар бала күніне екі қорап темекі шегетін болып шықты. Рапи Ананда Памунгкас екіге толмай тұрып зиянды әдетке әуестеніп алған деп жазады.
NUR.KZ жазғандай, балақай бастапқыда жерде жатқан темекілерді теріп жүрген. Алайда өзінен үлкен балалар оған темекіні тұтатып бергеннен бастап, ол зиянды әдеттен арыла алмай жүр.
Екі жасар баланың анасы базарда сатушы болып қызмет етеді. Көпшілік шоғырланған жерде ол өткен-кеткеннің барлығынан темекі сұрай берген.
Әйел адам баласын зиянды әдеттен арылтайын дегеніне қарамастан, Рапи оған жанжал шығарып айтқанын істеткен. Ана тіпті оған темекіні өзі сатып алып беретін жағдайға жетті.
https://www.youtube.com/watch?v=0C0V-6_QlnU&feature=youtu.be