jasqazaq.kz

Күл-қоқысты жинауды қашан үйренеміз?

10 шiлде 2018, 15:09

Астанада қала күніне орай ұйымдастырылған мерекелік концерттен кейін, бас алаңның астан-кестені шығып, күл-қоқысқа толып қалған. Жергілікті тұрғындар мұндай «ерсі әрекетке» республиканың түкпір-түкпірінен келген қала қонақтары барады дейді.
NUR.KZ  хабарлағандай, Астанада елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылғын мерекелік шаралардан соң, тұрғындар әлі де естерін жиятын емес. Олар Қазақстанның өзге аймақтарынан келген тұрғындардың көптеп келгені соншалық, қалада


«Биыл ғана емес, жылдағы дәстүр ғой? Ондайда жергілікті тұрғындар Бурабайға бас сауғалап кетеді. Биыл баламыз ауырып, шет жаққа шыға алмай қалдық. Содан орталық алаңдағы концертке барған едік, «қайдан бардымға» душар болдық. Ығы-жығы адам, алаңда ине шаншар орын жоқ болып шықты. Өкініштісі, концерттен кейін алаң қоқысқа толып қалды. Адамдар концертті көру үшін емес, тамақ жеп, су ішу үшін келген сияқты. Сорақысы сол, өздерінен кейін, қоқысты жинамай, алаңның астан-кестенін шығарды. Қазір енді алаңды жинап та қойған шығар, бірақ өткенде дәл солай қоқыс шашылып жатқан еді», — дейді астаналық көп балалы ана.
Сонымен бірге ол, қазақстандықтарды «мәдениетті болуға әрі қоғамдық жерлерде тәртіп сақтауға» шақырды.
«Өткенде ғана БАҚ беттерінде әлем чемпионатында жапондықтар мен басқа да халықтардың матч біткеннен кейін стадионды тап-тұйнақтай етіп жинап, қоқысты лақтырып кеткендіктерін естіген едім. Соны ойласам, бізге жапондықтарға жету қайда деп қалдым. Қоқысты қоқыс жәшігіне тастаудың өзі – қарапайым мәдениет пен этиканың белгісі. Көш жүре түзеледі, ел тұрғындарына айтарым, қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, әдеп пен мәдениетті сақтап жүрейік», — деді қала тұрғыны.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді