jasqazaq.kz

Күйіп қалған жүкті әйелдің құрсағындағы шаранасы шетінеп кетті

20 қараша 2017, 17:59


Оралда дәрігерлер газ жарылысынан зардап шеккен әйелдің өмірі үшін арпалысып жатыр, деп хабарлайды КТК.

Өкінішке қарай, 37 жастағы жүкті келіншектің құрсағындағы шаранасы өліп қалған. Бұл оқиға таңғы уақытта болған. Келіншек үйдегілерге шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте газ жарылыпты. Денесінің 80 пайызы күйіп қалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Бұл оқиға таңғы уақытта болған. Келіншек үйдегілерге шәй әзірлемек болып ас үйге кірген бетте газ жарылыпты. Денесінің 80 пайызы күйіп қалған ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелден өзге отбасындағы 5 адам да ыстан уланып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер келіншектің жұбайы мен 3 балаға және олардың әжесіне төніп тұрған қауіп жоқ болғандықтан үйге жіберіпті.

“Беті, денесінің алдыңғы жақ бөлігі, аяғына шейін жағаны қолдары, арқасы, желке тұстары күйген. Бүгінгі таңда жағдайы өте ауыр деп есептеледі. Бірақ жағдайы бірқалыпты”, – дейді БҚО клиникалық ауруханасының директоры Ерлан Тоқсанбаев.

Айта кетейік, 18 қараша күні жер үйлердің бірінде газдың жарылуынан шыққан өрттен жүкті келіншек ауыр күйік жарақатын алды. Зардап шегушінің күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті