Алматыда жылу магистралінің жарылуынан күйік шалған 4 адамның жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Оқыс оқиғадан 4 адам зардап шеккен. Жедел жәрдем бригадасы олардың үшеуін — №4 ауруханаға, бір адамды Шұғыл медициналық көмек көрсету ауруханасына жеткізді. Бір адам амбулаториялық ем қабылдау үшін үйіне қайтарылды. «Зардап шеккендердің табанын 1-2 дәрежелі күйік шалған. Науқастардың денсаулығы қазір жақсы. Реанимациялық шараларға мұқтаж емес. Медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр», — деп мәлім етті қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.