jasqazaq.kz

Күйеулері көз тастаған бойжеткенді екі әйел сабап тастады

19 сәуiр 2021, 16:48

Көкшетауда екі әйел қызғаныштан бір қызды ауыр соққыға жықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Полицияға 18 жастағы қыз арызданды. Ол 15 сәуірде кафенің бірінде белгісіз әйелдер өзіне қол жұмсап, дене жарақатын салғанын айтты.

Жауап алу барысында жәбірленушінің құрбысының туған күнін кафеде атап өткені белгілі болды, біраз уақыттан кейін белгісіз ер адамдар олардың үстеліне келіп, ілтипат білдіре бастайды. Кейіннен жәбірленуші баспалдақпен төменге түсіп бара жатқанда танымайтын екі әйел оған тап берген, — деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Полиция шабуыл жасаған әйелдердің кім екенін анықтады. Осылайша, олар өз «бәсекелестерін» сабасына түсіру туралы шешім қабылдапты.

Осы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 298-бабы, 2 бөлімі, яғни «Бұзақылық» бойынша алдын ала тергеу басталды.

Жәбірленушіге алған жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Дәлелдемелер негізінде процессуалдық шешім қабылданады.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия