jasqazaq.kz

Күйеуінің әрекетін білген келіншек есінен тана жаздады

21 қантар 2020, 19:35

22 жастағы екі баланың анасы күйеуінің жақын досының әйелімен сөйлесіп жүргенін біліп қойған. Айуынша, жұбайы өзгенің келіншегімен жалаңаш суреттерімен алмасып отырыпты.Бұл туралы Алаш айнасы басылымына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Келіншектің сөзінше, жұбайы жұмыстан келе сала ұялы телефонынан көз алмай, әлдебіреумен желіде жазысып отырады екен.

«Жасым 22-де. Тұрмыстамын, 2 қызым бар. Күйеуімнің де мінезі жайлы. Жұмысы да, табысы да жақсы. Алайда жұмыстан келген соң телефоннан көзін алай, ватсаптан шықпайды.

Кейін тексеретінді шығардым. Сосын телефонына кілт қойып тастады.

Мақұл“ деп үндемей жүрдім. Қолайлы сәтті күттім десе де болады.

Бір күні кодын көріп қойдым. Ол менің көргенімді байқамай қалды. Сол күні жұмыстан шаршап келген. Түнде тұрып, телефонын тексеріп көрдім», — деп жазды әйел.

Күйеуінің телефонындағы кілт сөзді ашып, хаттарын оқыған ару есінен тана жаздағанын сөз етті.

Оның сөзінше, жан жары өзгенің жұбайына ашық суреттерін жіберіп, ұятсыз хабарламалар жазған.

«Сөйтсем, өзіміздің досымыздың әйелімен сөйлесіп жүр екен. Бір-біріне жалаңаш түскен суреттерін жіберіп, ашық әңгімелесіп жүріпті. Олардың бір-біріне жазғандарын көргенде естен танардай болдым.

Екеуінен ондай сатқындықты күтпегем. Басқа емес, араласып жүрген құрбымнан ондай шығады деп ойламаппын. Енді не істерімді білмей отырмын», — деп ағынан жарылды келіншек.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде