jasqazaq.kz

Күйеуінен балаларын тартып әкетпек болған әйел (видео)

06 қазан 2020, 16:05

Осы жанжалдан соң балалар әкесіне қалдырылды. Маңғыстауда  кәмелетке толмаған балалар анасымен бірге тұрудан бас тартты.

Сот шешімі бойынша, анасы балаларын алып кетуі үшін, қайын жұртына келген, бірақ балалар шешесімен бірге кетуден бас тартқан.

Полицияның хабарлауынша, осы жанжалдан кейін үш бала әкесімен бірге қалған. Бұл оқиға 2 қазанда Басқұдық ауылында болған. Бір әйел полиция пункітіне, қолында сот шешімі бар болса да бұрынғы күйеуі балаларын бермей жүргеніне шағымданған. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор, сондай-ақ учаскелік инспектордың көмекшісі балалардың тұрғылықты жеріне барды, дегенмен, олар әйелге егер балалар онымен бірге барудан бас тартса, ешкім оларды мәжбүрлемейтінін және олардың психикасына зиян тигізбейтіндігін ескертіп, мұндай жағдайда қорғаншылық бөліміне хабарласуға кеңес берілді, бірақ ол одан бас тартты. Балалар әкесіне оралды. Балалардың анасымен бірге барғысы келмейтінін көрген полиция қызметкерлері бұл азамат пен оның адвокатын сот орындаушыларымен бірге келуін өтінді, деп хабарлады  Маңғыстау  облысының полиция департаменті.

Интернетте балаларын еркінен тыс төркініне әкетпек болған әйелдің видеосы тарап жатыр. Ажырасқаннан кейін сот шешімі бойынша балалар анасымен бірге тұруы керек екен.

https://youtu.be/V-M_bbd6GdY

zakon.kz

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде