jasqazaq.kz

Күйеуін пышақтап тастаған: ШҚО-да 25 жастағы әйел ұсталды

24 қараша 2021, 16:03

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында күйеуін пышақтаған әйел ұсталды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кешкі уақытта қонаққа барған ерлі-зайыптының арасында жанжал шыққан. Анықталғандай, екеуі де отырыс кезінде алкогольді ішімдік ішкен. Сол кезде әйел адам қолына пышақ алып күйеуінің сол жақ кеудесіне сұғып жіберді. Шұғыл түрде Алтай аудандық ауруханасына жеткізілген 35 жастағы еркек аман қалған. «Полиция қызметкерлері 25 жастағы әйелді көп ұзамай ұстады. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толықтай мойындаған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді департамент бастығы Сағат Мәдиев.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық