jasqazaq.kz

Күйеуін алдап басқа ер адаммен қашып кеткен

30 мамыр 2020, 13:40

Батыс Қазақстан облысында әйел отбасына өзін ұрлап кетті деп айтып, шындығында басқа ер азаматпен қашып кеткен. Бұл туралы «Мой город» басылымы хабарлады.

Жоғалып кеткен келіншек күйеуі Мырзағалимен некелескеніне жеті жыл болыпты. Сөзінше, жары Гүлнұрдың бірінші жұбайынан бір ұлы болыпты. Бірақ оны өз баламдай көріп, бауырыма бастым дейді ер азамат. Кейін ерлі-зайыптылар тағы да үш бала сүйіпті.

«22 мамыр күні әйелім үйден кетіп қалды. Балалар үйде жалғыз қалыпты, үлкенімнің жасы сегізде ғана. Анасы қайда кетіп қалғанын білмеген. Кейіннен Гүлнұр өзінің ұрланғанын айтып, мені Ақжайық ауданына алып бара жатыр деп WhatsApp-пен хат жіберді. Бірақ ол жақтан таба алмадық. Біраз уақыттан соң ол бәрі дұрыс екенін айтты. Алайда мен полицияға хабар бердім», — дейді Мырзағали.

Полицейлер арыз түскенін растап отыр. Айтуларынша, тәртіп сақшылары әйелді іздестіруге кірісіп кетіпті.

«Біз көп балалы ананы ешкім ұрламағанын анықтадық. Ол басқа ер азаматпен танысқан. Әлгі ер адам Оралға келіп, әйелді Жанғалы ауданына алып кеткен. Қазір біз олардың блок-бекеттен қалай өтіп кеткенін анықтап жатырмыз», — деді Орал қаласының полиция бөлімінің тергеушісі Нәлібай Бақдаулет.

Қашып кеткен әйел де, оның жаңа сүйіктісі де табылып, оқиғаға қатысы барлардың барлығы полиция бөлімшесіне жеткізіліпті. Полицейлердің сөздерінше, бейтаныс азамат еш жерде жұмыс істемейтін ауыл тұрғын болып шыққан.

«Күйеуім ұратын. Менің оған деген сезімім сөнді, бұл туралы туыстарыма айтудан ұялдым. Балаларымды алып кетейін деп үлгермей қалдым. Қазір олар әпкемнің қолында. Жаңа күйеуім балаларым мен мені өз қамқорлығына аламын деп сөз берді», — дейді Гүлнұр.

Полицейлер олардың барлығы үйлеріне қайтарылғандығын атап өтті. Бұл жағдайға байланысты әкімшілік не қылмыстық іс қозғау заң бойынша қарастырылмаған көрінеді.

Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия