jasqazaq.kz

Күйеуімнің көзіне шөп саламын….

04 ақпан 2018, 22:13

Гаухар есімді бір келіншекті танушы едім. Екі баланың анасы, үлкені 19-да. Күйеуімен отасқанына аттай жиырма жыл болған екен.

Қырыққа былтыр толды. Шашы белінен төмен түскен, қалың, жанары оттай, қараторы жүзі жайнап тұр. Дене бітімі де жаман емес, аса арық та, толық та емес, нағыз бабында.

Былтыр мерейтойларына барған едім. Күйеуі өте байсалды, жымиып қана отыратын, көп сөйлемейтін жан екен. Күйеуінің елдің көзінше айтқан жүректен шыққан сөздерін естісеңіз ғой:

«Гаухар, қанша жылдан бері сен менің отбасымның ұйытқысысың, жылуысың, шуақ шашқан күнімсің, мен сені күні бүгінге дейін сүйемін!«.

Мұндай жүрекжарды сөздерден кейін тәуір жұмыстары бар, біреуден артық, біреуден кем тұрмыстары, үй-жайлары бар ерлі-зайыптылардың бір-бірін қатты сыйлайтындарына ешкім күмәнданбады. Отырыс қыза бастады. Ақты күйеуінен гөрі Гаухар жақсы сілтеп отыр. Беті бал-бұл жанып, күлкісі де дарақыланып барады. Қонақтардан тығылып, кафенің артына барып темекіні сорып тұрып айтқаны:

«Анау жүрген сары жейдедегі кім білесің бе?». Менің жауабымды күткен жоқ. «Ойнасым, өзіммен жасты, 3 жыл болды жүргенімізге, күйеуімнің досы». Темекіні құшырлана сорып алды да, «тағы біреуі бар, ол елуде, қазір ауруханада жатыр, ауырып қапты, мәә барып қайту керек еді, кеше звондаған».

— Ойбай? Қалай екеуі де ме?!

— Иә

— Сонда қалай? Қашан барып үлгересің? Күйеуің ше?

— Кейде күйеуіме жұмысқа кеттім деймін де екеуіне звондаймын, қайсысы бос, сонымен күні бойға пәтер жалдаймыз. Күйеуім білмейді, әрине.

— Не үшін сонда? Күйеуің қанағаттандырмай ма?

— Жоқ, бәрі жақсы. Аналарға барып келген соң, күйеуімді ерекше жақсы көріп кетемін. Мүмкін, жиырма жыл бірге тұрып, ажыраспай, күні бүгінге дейін сіз-біз десіп келе жатқанымыз да осының арқасы шығар.

— Обал емес пе күйеуіңе? — Бір сәтке Гаухарға жанындай сенетін, алақанына салып, аялап келе жатқан күйеуін елестетіп, оған жаным ашып кетті.

— Ойй, қойшы а, я об этом не думаю!

Мәссәған! Міне байғұс күйеуінің шаңырағының ұйытқысы мен жылуы! Ал керек болса! Әлгі әңгімеден кейін Гаухардың күйеуінің бетіне қарауға дәтім бармады. Күйеуіне көзім түссе, жаным ашып, намысының қорланып жүргенін білмейді ау, байғұс, деймін ішімнен.

Құдай қосқан қосағының көзіне шөп салу — қай дінді алып қарасаңыз да, барып тұрған арсыздық пен ауыр күнә. Біздің бүгінгі қойыртпақ қоғам да осындайдың былығына әбден батқан.

Әйелдің опасыздығы атты жаңа тенденция өршуде. Қартайып бара жатқан әйелдердің елпеңдеп, қызықты өзге еркектің құшағынан іздеуінің себебі неде? Сыртта ойнас құру – ешқашан кездейсоқ болмайды, дейді мамандар. Опасыздық жасаудан әйелдер де еркектерден қалыспайтын болған. Еркекті ер қылатын да, жер қылатын да әйел екен.

365info.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды