jasqazaq.kz

Күйеуімен ажырасқан Әсел Асқар жүкті екенін білді (Видео)

07 маусым 2021, 15:52

Актриса Әсел Асқар жүкті екенін көпшілікке мәлімдеді. Жақында ғана жолдасы екеуі ажырасқанын айтқан актриса жүкті екенін білді. Енді ана болуға дайындалып жүр.

Бұл туралы актриса желідегі парақшасында айтты.

«Менің Алла берген сыйым. Қуанышты жаңалығымды бөліскім келеді. Жақында ғана білдім. Барлық белгілер жүктілікті білдірген еді, бірақ мен күдіктенген едім. Егер естеріңізде болса, мен жақында ғана коронавируспен ауырып емделіп шықтым. Иммунитетім түсіп, шашым түсіп, есте сақтау қабілетім төмендейді.

Әлсіздік болып, бүйрегім ауырады деп ойладым. Бірақ шашым қалыңдап, бет терім жарқырай бастады. Кеудем өсіп, етеккірім тоқтап қалды. Мен шошып қалдым. Етеккір уақыты күйзеліске байланысты өзгеруі мүмкін. Бет терім мен шашымның өзгерісін косметолог мамандар байқай бастаған соң мен тест тапсырып көрдім», — деді актриса.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Асель Аскар (@assel.askar)

Әсел Асқар тест нәтижесі мен тексеруден кейін өзінің жүктілігіне көзі жеткен.

«Солай жүкті екенімді білдім. Мен бұл сәтті басқаша елестеткенмін, бірақ Аллаға алғыс айтамын. Мен бұл бақытқа лайық болғаным ғой. Ішіңде тағы бір өмір баоын білген сәтті тағы да бастан өткергім келеді. Осындай бақытты қалаған әрбіріңізге осындай бақыт тілеймін. Бұл әйел заты үшін ең бақытты әрі ең керемет уақыт», — деп жазады Әсел Асқар.

Желі қолданушылары құттықтауын білдіріп, ақ тілегін айтты.

«Құттықтаймын! Ана болуыңызды тілеймін!», «Аман-есен сәбиіңіз өмірге келсін», «Қол-аяғыңызды бауырыңызға алыңыз», «Керемет жаңалық», «Күйеуіңіз біле ме? Ажыраспайтын болдыңыздар ма?» деп жазды олар.

Айта кетейік актриса жақын күндері жолдасымен ажырасатынын мәлімдеген еді. Актрисаға күйеуі жақын күндері қымбат көлік сыйлап қуантқан еді.

stan.kz

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр