jasqazaq.kz

Күйеуі темірмен зорлаған: БҚО-да әйел адам жансақтау бөліміне жеткізілді

17 мамыр 2022, 14:02

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік оқиға болды. Мас ер адам әйелін аяусыз соққыға жығып, артынша темір таяқпен зорлаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Оқиға 16 мамырда Батыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінде болған. Аса ауыр халде жергілікті ауруханаға жеткізілген әйелге шұғыл түрде ота жасалған.

«39 жастағы әйел көп қан жоғалтқан. Тоқ ішегі жыртылып, тамырлары жарылған. Енді оған ұзақ уақыт реабилитациядан өтуге тура келеді. Бүгінде оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды», — деп хабарлады облыстық ауруханадан.

Жәбірленуші күйеуінің үстінен арыз жазудан бас тартты.

Аталған фактіні БҚО полиция департаменті растады. Ведомствоның мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Ер адам үйқамақта отыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр