jasqazaq.kz

Күйеуі өртеп жіберген әйел есін жиды

29 қазан 2019, 16:31

Күйеуі өртеп жіберген астаналық әйел есін жиды. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі хабарлады.

«Науқас есін біледі, туыстарын танып жатыр. Денесінің 75%-ін термиялық күйік шалған, шұғыл түрде травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жәбірленушінің жағдайы жедел бүйрек және тыныс алу жеткіліксіздігі, күйіктік септикотоксемия салдарынан ауыр күйде қалып отыр», — деді баспасөз қызметінің мамандары.

Мекеменің мәліметінше, қазіргі уақытта науқас жасанды тыныс алдыру құрылғысымен дем алып жатыр.

Оқиға жексенбіде, 6 қазан күні болған. Полиция департаменті 43 жастағы ер адам әйеліне бензин шашып, өртеп жібергенін хабарлады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері күйік шалған әйелді мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы аумағындағы аялдамадан тапқан.

Оқиғадан кейін күдікті қамауға алынды, ол кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде