jasqazaq.kz

Күйеуі ата-анасын атып тастаған келіншек мән-жайды айтып берді

11 мамыр 2018, 16:59

Оралда күйеу баласы атып тастаған 60 жастағы әжейдің қызы Надия Давлетшина оқиғаның қалай болғанын айтып берді, — деп хабарлайды «Мой город». Оның сөзінше, әйел бұрынғы күйеуі Рустам Әбдірахмановпен сегіз жылдан бері тұрмайды.

«Бірге тұрмаймыз, тату-тәтті айырылыстық. Үйленгеннен кейін бір жыл өте ата-анаммен Оралда тұра бастадым. Рустам Ақсайда анасымен қалған. Ильдар атты ұлымыз бар, сегізге толды. Араларына түскен жоқпын, демалыста үнемі алып кететін. Бірақ соңғы рет демалыстан кейін ұлымызды ұрлап әкеткен, үш апта қайтара алмай жүрдік. Бұған мектепте оған бәрібір ештеңе үйретпейді деген сылтау айтты», — дейді Надия. Әйелдің сөзінше, мұндай болатынын ол мүлде күтпеген. «Әдеттегідей үйге жиналдық. Үйге біреу келіп, анам есікті ашуға кеткен. Аузын ашып үлгерген жоқ, оқ атылды. Есікке жүгіріп бардық, анам қансырап жатты. Бұрынғы күйеуім болса мылтықты әкеме бұрып, тағы атты. Ұлымды алып дәретханаға жасырындық. Үрейім қашты, сәлден соң сыртқа қарағанымда әкемнің іші ақтарылып жатқанын көрдім. Соған қарамастан, есікті жауып үлгеріпті. Жедел жәрдем мен полиция шақырдым. Ұлым қалшылдап кетті, бәрі көз алдында болды ғой. Көршілерім айтады, бұрынғы күйеуім оқ атқан соң мылтықты қойып, біреумен телефон арқылы сөйлесіп кетіп қалған. Ұлымызға келген деп ойлаймыз. Ол тастап кеткен сөмкеде баланың киімдері мен пышақ табылды. Неге олай еткенін білмеймін, кеше сотта бізді ресми түрде ажырастырған. Бірақ бұл екі жақтың келісімімен болды ғой. Алайда ол сот отырысына келмеген болатын», — деп жылады әйел. Надияның айтуынша, біраз уақыттан кейін полиция оның бұрынғы күйеуін ұстаған. Ер адам еш жерде жұмыс істемеген және мүгедектігіне байланысты тіркеуде болған. «Бостандыққа ешқашан шықпайтындай, барынша қатал жазаланғанын қалаймын», — дейді ол. Еске салайық, 10 мамырда Оралдағы Строитель ықшамауданыда ер адам енесі мен қайын атасын атып тастаған. Егде әйел оқиға орнында көз жұмды. Жарақат алған қария ауруханаға жеткізілді. Оған алты сағатқа созылған ота жасалды. Қазір оның жағдайы ауыр.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде