jasqazaq.kz

Күйеу баласы немерелерін елден заңсыз алып кеткен

29 маусым 2018, 15:18


Алматы тұрғыны осылай деп дабыл қағып отыр. Кейуананың қызынан туған балаларын көрмегеніне 4 ай болыпты. Жыларман күйге түскен оның бұл оқиғадан кейін бармаған жері, баспаған тауы қалмапты. Алайда ешкімнен қайыр болмаған көрінеді.
Stan.kz хабарлағандай, 4 ай болды Жанай әженің жұбанашы осы. Қос құлынын сағынғанда ойыншықтарын құшақтап мауқын басады. Бірі немересі Алинаның қуыршағы. «Бастапқыда бәрі ертегідей еді», – дейді кейуана. Қызы тұрмысқа шығамын деді. Анасы рұқсатын берді. Тек көңілде күдік қалды. Өйткені, жігіт малазиялық азамат.  «Мен айтқанмын болмайды деп. Ол өте алыс дедім. Баланың жағдайын білмеймін ғой.  Ол жерде бірдеңе болып қалса,  мен сені таба алмай қаламын қызым. Қызым айтты мен онымен жақсы тіл табыстым деп», – дейді Алматы тұрғыны Жанай.
Жастар бас қосқасын дүниеге екі бала келді. Немеренің үлкені – Алина үште. Кішісі – Әлібек екіде. Алайда күйеу бала үлгілі әке, аяулы жар болмай шыққан көрінеді. Отбасында жанжал өршіп, айқай-шу көбейген. Ақыр соңы жастар ажырасып тынған. Ал, оларды сабырға шақырмақ болғанда малазиялық күйеу жігіт енесін тепкінің астына алып, қолына пышақ тығып алған көрінеді.
Бұл оқиғадан кейін Жанай әже аурухаға түскен. Осы сәтті ұтымды пайдаланған күйеу бала балаларды отанына Астана-Ташкент бағыты арқылы ұрлап әкеткен көрінеді. Зардап шегушінің адвокаты бұл оқиғаға қалай жол берілгеніне таң қалып отыр. Өйткені, оның қолында бүлдіршіндердің құжаты да болмаған.
«Алдын ала құжаттар бойынша заңбұзушылық бар деп есептеймін. Неге десеңіз, балаларды тұрақты жерге алып кету үшін шетелге шешесінен нотариалды түрде рұқсат алу керек», – дейді Жанайың адвокаты Нұржан Тәңірберген.
«Қазір Жанай ханымның қызы Әлия Қытайда. Ол Алматыдағы пәтердің ақысын өтеу үшін нәпақа тауып жүр. Балаларының жоғалғандығын да жуырда ғана естіпті». «Оған айтқан жоқ едім. Бір күні фейсбуктен көріп қойыпты. Көріп қойып жүгіріп келді. Мама неге сен маған айтпайсың деп.Ол Малазияға шығып кетіпті ғой деп. Мен айттым. Қызым ол ұрлап кетті, мен ауырып қалғанда деп», – дейді тұрғын Жанай. Жүрегі қан жұтып отырған кейуананың ендігі үміті жауапты органдарда. Ол немерелерін Отанға оралтуын сұрайды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді