jasqazaq.kz

Күйеу баласы енесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен

23 сәуiр 2022, 10:15

Түркістан облысы Шардара ауданында күйеу баласы енесінің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Келген шығын көлемі — 1 млн 700 мың теңге. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленуші үйіне ұры түскенін айтып, полицияға арызданған.

Айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі алтын жүзігі мен алтын сырғасын қолды еткен.

Сондай-ақ, бағалы бриллианттары мен алқаларын жымқырып кеткенін хабарлапты.

Осы қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Шардара АПБ қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

Сөйтіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің кім екені анықталған.

Ол жәбірленушінің күйеу баласы болып шыққан.

Тергеу барысында берген жауабында ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырғанын айтқан.

«Күдікті ұрлаған алтындарды үйінің ауласындағы гаражына тығып, сатудың оңтайлы сәтін күткен. Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алтын бұйымдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр» делінген хабарламада.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр