jasqazaq.kz

Күйеу бала ата-енесіне оқ атқан

11 мамыр 2018, 11:41

Оралда 60 жастағы әйел атылған оқтан қаза тапты. Оқиға шамамен 22:00-де Құрылысшы ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 60 жастағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. Әйелге оқ тиген.

«66 жастағы ер адамға да оқ тиген, ол қалалық көпсалалық ауруханаға жеткізілді», — деді ведомстводағылар. Осы жағдайға байланысты полициядан не прокуратурадан жауап алу мүмкін болмаған.

Жергілікті тұрғындардың бірінің айтуынша, атысты ер адам ұйымдастырған. «Күйеу баласы енесін атып тастады, ол қайтыс болды. Сосын қайын атасын атты. Ол тірі, жедел жәрдем алып кетті. Мен олардың «Көмектесіңіздер, көмектесіңіздер» деген айқайлаған дауыстарын естідім. Осы кезде дүкенге бара жатқан едім. Сыртта әжелер тұрған. Оларға жастарды шақыруын, әйелге көмектесу керектігін айттым. Оқ атылған сәтті де естідік», — дейді үйдің тұрғыны Мария Амелякина.

tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді