jasqazaq.kz

«Күйеу баланың еден жуғаны дұрыс па?»

01 қараша 2021, 11:06

Ел арасында «күйеу бала қабірге бармайды, жаназаға келмейді» деген пікір бар. Бұл пікірдің дұрыс-бұрыстығы әлі күнге дейін нақты анықталған жоқ. Осы орайда, дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітов көптің көкейінде жүрге сауалға жауап берді, деп жазады NUR.KZ.

«Күйеу бала жаназаға келмейді дегенді естіп жүрмін. Бұл негізі жаңсақ пікір. Қандай үйге де келін мен күйеу бала сырттан келеді ғой. Осыған байланысты, атам заманда күйеу баланы жау көріп, біреудің айтып кеткені шығар. Бүгінге дейін ауыздан ауызға осылай таралып жүргені де сондай әңгімелерден деп білемін. Кейбір жерлерде күйеу балаға қайтыс болған адам жатқан бөлмені жудыртады деп те естідім. Бұл енді ұят. Күйеу балаға еден жуғызуға дені дұрыс адамдар рұқсат бермейтін шығар. Айтпақшы, сөздің реті келгенде айтайын. Талай жаназаға қатысып жүрміз. Екі қабатты үй салып, зәулім үйден кетерінде бір бөлме бұйырмаған марқұмдарды да көрдік. Қайтыс болған адамға үйдегі көп бөлмеден бір таза бөлме бермей, сарайға, тауық қораға жіберетіндер бар. Өмір бойы тыраштанып үй салып, кейін сол үйінен де шыға алмай кеткендерді көрдік. Сондықтан, өлімге, марқұмға құрметпен қараған дұрыс. Ал күйеу баланың жаназаға қатыспайды дегені бос сөз», — дейді Нұрлан қажы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде