jasqazaq.kz

Күйеу бала енесінің телефонын ұрлаған

26 қараша 2021, 12:13

Енесінің телефонын ұрлаған күйеу бала масқара болды.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Ол өз арызында үйінің ішінде үстел үстінде тұрған ұялы телефонын белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтып, көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 80 мың теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Жоғарыда көрсетілген ұрлық қылмысын ізін суытпай ашу мақсатында Түлкібас АПБ-нің қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Жақын аймақтарды аралап, бейнебақылау жазбалары тексерілді, нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар күдікті ер адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Белгілі болғандай күдікті ер адам жәбірленушінің куйеу баласы болып шықты. Күдікті үстел үстінде тұрған телефонды көріп, ешкім байқап тұрмағанына сенімді болып, енесінің телефонын жымқырған. Қазіргі таңда күдіктіге, яғни орта жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және жеке мүліктерін қараусыз қалдырмауды ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, шұғыл “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Polisia.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде