jasqazaq.kz

Күдікті сот залында шу шығарды

28 маусым 2019, 16:32

Алматы қаласының Медеу аудандық соты бейсенбіде Медеу мұз айдынында қоғамдық дәретханада қызды зорламақ болған, айыпталушыға қатысты үкім шығарды.

Ер адам кінәлі деп танылып, үш жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот 300 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуі керек деген үкім шығарды,- деп хабарлайды InAlmaty.kz. 1988 жылғы айыпталушы өзінің кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрады. Ол моральдық зиянды төлеуге дайын екенін де айтты. «Еуразия бірінші арнасынының» хабарлауынша, сот үкімі жарияланғанға дейін, айыпталушы ашынып, айналасындағыларды боқтау сөздермен балағаттаған. Сотталушы операторларға бас салып, өзін-өзі ұстай алмағандықтан сот оны залдан шығарып жіберген еді.

Алматылық зардап шегуші сот үкімі шығарған шешіммен келіспейтінін айтып отыр. «Әрине мен келіспеймін. Одан да көп мерзім бергенін қалаймын. Бірақ, бәрі де заң аясында болды. Аппеляцияға қайта беремін ба, бермеймін ба әлі білмеймін», — деді ол. Қыздың айтуынша, ол күн сайын зорлаушының туыстарынан қоқан лоқы көреді. Оны тіпті үйдің кіреберісінде аңдып тұрады екен. Жәбірленуші полицияға қауіп фактісі бойынша арыз берген. Алайда, ол қауіпсіздік мақсатында Алматыдан біраз уақыт дейін көшіп кетуді және телефон нөмірін ауыстыратынын мәлімдеді.

Сот шешіміне қатысты келіспеген қоғам белсенділері заңға өзгерістер енгізу қажеттілігі баяғыда туғанын айтып отыр. «3,5 жыл мерзім алған сотталушы 120-шы бап бойынша бүгінде үшінші рет жауапқа тартылды. Біз зорлау қылмысын қалыптыдан ауыр қылмыс сатысына дейін көтеруді және бас бостандығынан айыру мерзімін ұзартуды сұраймыз. Сондай-ақ, шартты түрде мерзімінен бұрын шығуға тыйым салу керек», — деп талап етті олар. Биылғы жылдың наурыз айында болған «Медеу» мұз айдынындағы романтикалық кездесудің арты дәретханада зорлаумен аяқталды. Алдын ала тергеу барысында күдіктіні, Алматы облысының тумасын — кепілге босатқан еді. Осыған дейін, ол екі рет зорлау үшін, алаяқтық үшін бір рет сотталған.

Дереккөзі: tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда