jasqazaq.kz

Күдікті ет өнімдерінің тізімі

22 тамыз 2018, 16:54

Қазақстанда ет өніміне күшейтілген бақылау енгізілді.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті ағымдағы жылдың 7 айында өнімнің қауіпсіздігіне жүргізген мониторингінің нәтижелері бойынша «Омский бекон» АҚ, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ, «Царицыно» ААҚ және «Курников» АӨК ЖШҚ өндірушілеріне қатысты ет өніміне күшейтілген зертханалық бақылау енгізді. Аталған өндірушілер өнім өндіру және таңбалау бойынша техникалық регламент талаптарын жүйелі түрде бұзады. Осы уақыт ішінде еліміздің бірқатар өңірлерінің сауда орындарында сәйкес келмейтін өнімдер бірнеше рет анықталды», — деп атап өтілген ҚР ДСМ баспасөз қызметінің мәліметінде. Мысалы, «Омский бекон» АҚ-ы «Популярная», «Бутербродная», «Южная», «Сельская», «Заречная», «Походная» шұжық өнімдерінде натрий нитриттерінің массалық үлесін 2-3 есеге, левомицетинді 1-2 есеге арттыруға, сондай-ақ микробиологиялық көрсеткіштер бойынша тәртіп бұзушылыққа жол берген. Бұдан бөлек, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ өндірісінің «Южные» және «Сытные» сосискаларында натрий нитриттерінің үлес салмағы артқаны анықталған, патогенді микрофлора және ішек таяқшалары тобының бактериясы анықталған. «Царицыно» ААҚ-ның шұжық өнімдерінде («Утренние» сосискалары) стафилококк анықталған. «Русская» шұжығында натрий нитриттерінің массалық үлесінің артуы, ал «Утренние» және «Бистро» сосискаларында патогендік жұқтыру анықталған. Сонымен қатар, «Курников» АӨК ЖШҚ-ы өндірісінің «Натуральный», «Крестьянский», «Хуторской» тартылған еттері және «Премиум» жартылай фабрикаты тамақ өнімдері қауіпсіздігінің микробиологиялық көрсеткіштері бойынша сәйкес келмейді. «Әрбір факті бойынша өнімнің сәйкес келмейтін партиясын алып тастау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі күні еліміздің уәкілетті органынан және өндірушілердің өздерінен олардың тиісті іс-шараларды жүргізетіні туралы хабарламалар алынды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді