jasqazaq.kz

Күдік туғызған шетелдіктердің не мақсатта жүргені анықталды

17 ақпан 2020, 16:48

Алматы облысында тұрғындарға күдік туғызған шетелдіктердің не мақсатта жүргені анықталды. Полицияның мәліметінше, шетелдіктер — Оңтүстік Корея елінің азаматтары және олар діни бағытта үгіт-насихат жүргізбеген.

2020 жылғы 14 қаңтарда аудандық полиция басқармасына Шамалған ауылы Үшқоңыр орта мектебінің ұстаздарынан мектеп маңында белгісіз шетел азаматтарының бастауыш сынып оқушыларын жинап, оларға белгісіз бағытта үгіт-насихат жүргізгені туралы хабар түсті. Ақпарат полицияда ресми тіркелді. «Жергілікті полиция басқармасының жедел тергеу тобы оқиға орына шұғыл жетіп, Оңтүстік Корея мемлекетінің 38-41 жастағы 3 азаматының кәмелет жасына толмаған балалармен жүргенін және олардың елімізге қаңтар айының басында туристік мақсатта келгенін анықтады. Тексеру барысында шетелдік қонақтардың діни бағытта үгіт-насихат жасағаны немесе қандай да бір заттарды сатқаны не сыйлағаны дәлелін таппады. Полицейлер туристерді полиция басқармасына әкеліп, түсіндіру жұмысын жүргізген соң босатты» делінген Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған дерекке қатысты тәртіп сақшыларының әрекеті жергілікті прокуратура органдарымен келісілген.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия