jasqazaq.kz

КВИ-мен ауырған адамда өзге де вирустардың белсенділігі артқан

29 қазан 2020, 12:52

Коронавируспен ауырған адамдардың жүйке жүйесі сыр бере бастаған. Оның үстіне науқастардың 80 пайызында Д дәрумені жетіспейді. Бұл туралы «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы хабарлады.

Мамандар жүргізген талдау нәтижесінде ағзадағы өзге де вирустардың белсенділігі артқан. Әсіресе, ұйқы безі, қан қысымы, бүйрек, асқазан аурулары сияқты науқаста бұрын-соңды болмаған асқынулар байқалды.

Бұл небәрі 50 адамға жүргізілген талдаудың бастапқы нәтижесі. Осы постковидтік синдромды зерттеу жобасын жуырда ұлттық кардиохирургия орталығының мамандары қолға алған еді. Постковидтік жоба арқылы диагностикадан өтіп жүргендердің бірі Айнагүл Жүсіпова. Коронавирусты 4 ай бұрын жұқтырған. Салдарын әлі көріп жүр. Вирустан кейін басқа ауру түрлері асқынып кеткен. Бұрын мүлде болмаған қан қысымы жиі көтеріліп, жүйкесі сыр беріп, ұйқысыздық мазалайды.

«Коронавирустан кейін асқазаным ауырды. Асқазанымнан кейін давлениям көтерілді. Кейін қорқыныш стресс пайда болды. Қазір мені мазалайтын ұйқысыздық. Қобалжу. Енді сол аурулар бойынша ем қабылдап жатырмын», — дейді қала тұрғыны Айнагүл Жүсіпова.

Жобаға қатысуға 50-ге жуық адам ниет білдірген. Тексерудің алғашқы кезеңінің нәтижесіне сәйкес, денеде герпес, цитомегаловирус, Эпштейн Барр вирустарының белсенділігі артқаны анықталды. Бұл — қан құрылымы мен ішкі органдарды зақымдайтын зиянды вирустар. Салдарынан артериялды гипертензия, бүйрек, асқазан-ішек жолдарының ауруы, ұйқы безі, созылмалы аурулар асқынған. Әсіресе, жүйке жүйесі ауруларына шағым көп.

«Коронавирустен қорқу, жағымсыз жаңалықтарды жақын қабылдау, өліп қалам ба деген уайым. Мұның бәрі миға жиналып, көп адамдарда жүйке аурулары пайда болған. Ұйқысыздық, шаршау, стреске берілудің салдарынан ағзада өзге аурулардың асқынуы байқалып жатыр», — дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының психотерапевті Ғалия Мұқатаева.

Ауруы асқынған пациенттердің ең жасы 30-да. Ұйқысыздық пен әлсіздікке шағымданған. Ал ең үлкені 83-тегі қария. Ол созылмалы ауруы сыр бергенін айтады. Арнайы жасақталған дәрігерлік құрам осы науқастарға тиісті емшара жүргізбек.

«Жобаның негізгі мақсаты — науқастардың денсаулығын оңалту. Қазір науқастардан клиникалық, биохимиялық анализдер алып, қан құрылымын зерттеп, ағзадағы вирустың концентрациясын анықтап, патогенді флораны тексерудеміз. Сол нәтижелер арқылы індеттің салдарына зерттеу жүргізіп, анализ жасап, емдеу механизмін меңгеруді көздейміз», — дейді Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы «Постковидтік синдром» жобасының зерттеуші-дәрігері Айнұр Тәуекелова.

Постковидтік синдромды зерттеу шетелде бар тәжірибе. Ғылыми жобаны елордадағы ұлттық кардиохирургиялық орталығы да ұсынып, бірнеше медициналық мекеме қолдау танытқан.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия