jasqazaq.kz

Кузбасстағы сот ғимаратында атыс болды

16 қантар 2020, 11:23

Кузбасстағы сот ғимаратында атыс болып, сот приставы мерт болды, әйел адам жараланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. «Ер адам жедел жәрдем көлігінде қаза тапты, оның іші жараланған, ауыр зақымдану шогын алғандықтан жағдайы нашар болатын»,- деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер. Жараланған әйелдің жағдайы ауыр. «Әйелге ота жасап жатыр, дәрігерлер күресуде, бірақ ота күрделі болады»,- деді агенттік өкілі. Оның айтуынша, ота бірнеше сағатқа созылады. Әйелдің бетіне оқ тиген, сонымен қатар ол аяғының төменгі жағынан жарақат алған. Аймақтың құқық қорғау органдары дереккөздерінің бірі атысты сотталушыларының бірі жасауы мүмкін деді. «Алдын ала болжам бойынша, оқ атқан адам – сотталушы, сот отырысы кезінде оған әлдене ұнамаған, ол сыртқа шығып, көлігінен қару алып, қайтып келіп оны тоқтатпақ болған приставқа оқ атты. Сот залына келіп тағы бір адамға оқ жаудырды, болжам бойынша, ол – куәгер», — деді агенттік өкілі. Оқ атқан адам 1975 жылы дүниеге келген, ол ұсталды. Новокузнецктегі Энтузиастар көшесіндегі ғимаратта болған атыс туралы хабарлама жедел жәрдем қызметіне бейсенбі күні 9:20-да түскен.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия