jasqazaq.kz

Кубада сиыр сойып сатуға рұқсат етілді

16 сәуiр 2021, 12:18

Куба ірі қара малды союға және еті мен сүт өнімдерін сатуға рұқсат берді. Мұндай тыйым осыдан 58 жыл бұрын енгізілген болатын.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, билік елдегі азық-түлік тапшылығын шешу үшін ауыл шаруашылығы саласында реформалар жасауды қолға алған. Тек шаруалар мал басының азайып кетпеуіне кепілдік беруі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, 1963 жылы Куба билігі Флора дауылы соғып, елдегі ірі қараның 20 проценті қырылып қалған соң сиырларды союға және еті мен сүтін сатуға тыйым салған болатын. Содан мал басы 1989 жылы 70 процентке өскен еді. Бұл заңды бұзғандар ірі көлемде айыппұл төлеп, тіпті 10 жылға дейін сотталды.

Генри Салабарриа, малшы:

— Өзіміз асыраған малды союға және сатуға берілген рұқсат біз үшін пайдалы болмақ. Осылайша ірі қараның санын да кемітпей, керісінше арттыра аламыз.

24.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия