jasqazaq.kz

Куәлігі жоқ жүргізуші баланы қағып кетті (видео)

21 қазан 2019, 22:14

Алматыда куәлігі жоқ жүргізуші баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Бұл туралы inAlmaty.kz басылымына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады. Оқиға 19 қазанда Шұғыла ықшамауданында болған. 2012 жылы туған бала рұқсат етілмеген жерде жолдан өткісі келген, осы уақытта оны көлік қаққан. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған. Түрлі жарақат алған бала ауруханаға жеткізілген.

«Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде қашып кеткен ер адам анықталып, ұсталды. Ол Алматы облысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны, сақтандыру полисі мен міндетті техникалық байқаудан өтпегені анықталды», — деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері. Бала қағып кеткен автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Наурызбай ауданының полиция басқармасы баланы қағу дерегін тергеп жатыр. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от _ (@krispi_almaty)

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда