jasqazaq.kz

Криштиану Роналду тарихтағы алғашқы миллиардер футболшы

05 маусым 2020, 19:34

 «Ювентустің» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду $1 млрд табыс тапқан әлемдегі алғашқы футболшы болды. Бұл туралы америкалық Forbes журналы хабарлады.

35 жастағы ойыншы 2020 жылы $105 млн ақша тауып, Forbes рейтингінде төртінші орын иеленді. Аргентиналық Лионель Месси ($104 млн) тізімде бесінші орынға жайғасқан. Ол келесі жылы миллиардерлер тізімін толықтыруы мүмкін. Ал Роналду спортшылар арасында теннисші Роджер Федерерден кейін ($106,3 млн) екінші болды.

$1 млрд қаржының $650 миллионы футболшының 17 жыл бойы кәсіби мансабында алған жалақысы екені аталып өтілді. «Ювентуспен» келісімге сәйкес, 2022 жылы бұл сома $765 млн қаражатқа өсуі тиіс.

Роналду «Ювентус» құрамында 2018 жылдың жазынан бері алаңға шығып келеді. Бұған дейін ол испандық «Реал», Англияның «Манчестер Юнайтеді» мен португалиялық «Спортинг» құрамында ойнады. Ол бес рет «Алтын доп» иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, үш дүркін Англия чемпионы, екі рет Испания және Италия чемпионы болған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде