jasqazaq.kz

Криштиану Роналду «Реалдан» кете ме?

30 мамыр 2018, 12:25

Мадридтік «Реалдың» және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду спорттық мансабын қайда жалғастыратыны белгілі болды, — деп хабарлайды Vesti.kz. Sapo Desporto басылымының мәліметінше, сұрмерген француздың «Пари Сен-Жерменге» өтпекші.

Дереккөз мәліметінше, футболшының агенті Жорже Мендеш француз командасының сапына ауысу үшін келіссөздер жүргізу үшін Парижге келген. Таяуда Роналду Чемпиондар лигасының финалында «Ливерпульді» жеңгеннен кейін «Реалдан» кетемін дегендей қылды. «Болашақ жайлы кейінірек айтатын боламыз. Маған «Реал» үшін ойнаға қатты ұнады, жауапты таяу күндері айтатын боламын», — деді португалиялық. Клубтағы әріптестері оның сөзіне көңілі толмады. AS басылымының мәліметінше, Роналду клубтың жаңа ұсынған келісімшартына көңілі толмағаннан кейін кетпекші екен. Сондай-ақ, ПСЖ шабуылшысы Неймарды «Реалға» өтуі мүмкін деген хабар қуантпаған секілді. Роналду «Алтын допты» алып жатқанда мадридтік клубтың президенті Флорентино Перестің бразилиялық футболшынының ойынына мақтау айтқаны ұнамай қалған. Роналду «Реал» сапына 2009 жылы «Манчестер Юнайтедтен» ауысып келген. «Корольдік клубтың» сұрмергені екі рет Испания чемпионы және төрт рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді