jasqazaq.kz

Криштиану Роналду Пелені басып озды

04 қантар 2021, 13:15

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду соққан гол саны жөнінен Пелені басып озды.

Италия чемпионатында «Ювентус» клубының намысын қорғап жүрген Роналду «Удинеземен» өткен матчта ресми ойындардағы 757-інші және 758-інші голдарын соқты. Криштиану лиссабондық «Спортинг», ағылшындық «Манчестер Юнайтед», мадридтік «Реал», туриндік «Ювентус» және Португалия құрамасы сапында барлығы 1032 матч өткізді. Пеле 812 ресми ойында 757 гол соққан болатын. Голдар саны жөнінен абсолюттік рекорд чехиялық шабуылшы Йозеф Бицанның еншісінде. Ол 1931-1955 жылдар аралығында 759 гол соққан екен. Роналдудың бұл рекордты да жаңартатыны анық. «Удинезені» 4:1 есебімен ұтқаннан кейін өткен жылғы чемпион «Ювентус» 27 ұпаймен Италия біріншілігінде әзірге бесінші орында келеді. Жеңілістің ащы дәмін татпаған «Милан» клубы 37 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің Пеленің рекордын жаңартқанын жазған болатынбыз.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия