
Туриннің «Ювентус» клубы мен Португалия құрамысының шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің сүйіктісі Джорджина Родригеске жасырын үйленді. Бұл туралы Tuttosport порталы Novella 2000 журналына сілтеме жасап хабарлады. Неке қию рәсімі Мароккода өткен. Родригес футболшының анасымен тіл табыса алмайтындықтан, олар жасырын үйлену туралы шешім қабылдапты. Сол үшін де тойға фотографтар шақырылмаған. Біраз әзірге Роналду да, оның жұбайы да бұл ақпаратты растаған жоқ. Айта кетейік, Родригес екі жыл бұрын қыз босанып, есімін Алана Мартино қойған еді. Одан бөлек 32 жастағы футболшының екі суррогат анадан тағы үш баласы бар.
Ақпарат көзі: vesti.kz