jasqazaq.kz

Криштиану Роналду Еуропаның ТОП-5 лигасында соққан гол саны бойынша рекорд орнатты

11 қантар 2021, 15:46

Италияның «Ювентус» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду қазіргі кезде Еуропаның үздік бес лигасында өнер көрсеткен ойыншылар арасында соңғы 15 жыл бойы әр маусымда кем дегенде 15 голдан соққан жалғыз футболшы. Бұл туралы   AS.com-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Жексенбі күні Роналду Италия чемпионатының матчында «Сассуоло» қақпасына гол салды. Ойын «Ювентустың» жеңісімен аяқталды (3:1).

Португалдық спортшы алғаш рет 2006/07 жылғы маусымда «Манчестер Юнайтед» үшін 34 матчта 17 гол кіргізген. Келесі айда 36 жасқа толатын Роналду аталған көрсеткішті 15 маусым бойы сақтап келе жатыр.

2014/15 маусымында Криштиану Роналду Испанияның футбол чемпионатында «Реал Мадрид» үшін 35 матчта 48 рет доп кіргізген.

Оның қарсыласы – аргентиналық Лионель Месси 2008/09 жылғы маусымнан бастап «Барселона» сапында 12 маусымда 15-тен аса гол кіргізді. Ф утболдан Испания чемпионатының қазіргі маусымында Месси 11 рет гол салды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия