Испаниялық Пимераның 8-кезеңінде «Хетафемен» болған матчта Мадридтік «Реал» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду бос қақпаға 2 метрге жуық қашықтықтан гол сала алмады.
Бұл туралы stan.kz хабарлады.
Қапталдан доп берілгеннен кейін шабуылшы Карим Бензема португалиялыққа жеңілдік жасаған. Алайда ол алдындағы қақпа бұрышы бос болғанына қарамастан, гол сала алмады. Десе де «Реал» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал Роналду жеңіс голын соқты.