jasqazaq.kz

«Крис-П» қандай көшелерге қойылады?

12 қыркүйек 2018, 14:52

«Крис-П» мобильды фоторадарлы кешендері апатты-қауіпті және қозғалысты қатты жылдамдықпен жүретін жерлерге қойылады. Бұл туралы Алматы ІІД өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Фоторадарлы кешендер жыл басынан бері 1 892 жол ережесін бұзғандарды түсірген, айыппұл мөлшері — 23 миллион теңге. «Осы шаралардың арқасында біз жол ережесін бұзатындарды, яғни жолды қарсы бетіне өту — 10,5 пайызға, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өту — 0,5 пайыз, қиылыстарда өтіп кету 62,8 пайызға қысқарттық. Бұл аппараттар апатты-қауіпті және жол-көлік оқиғасы көбірек тіркелетін, яғни қозғалысты қатты жылдамдықпен жүретін жерлерге қойылады», — деді Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Еркін Өтегенов. Сондай-ақ, қалада «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматты ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Онда 105 постта 660 бақылау камерасы орнатылған. Биыл посттар саны көбеюі мүмкін. «Осы жүйенің арқасында жол қозғалысын қауіпсіз етуге септігі тиді, қала көшелерінде жол апатының көрсеткіші азайды. Жыл басынан бері, «Жол қозғалысының қауіпсіздігі» автоматты ақпараттық жүйесі 334 мың әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Айыппұл мөлшері — 2 миллиард теңге. Оның көп бөлігі төленді», — деді Өтегенов.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді