jasqazaq.kz

Кредитін төлемес үшін Ресейде жасырынып жүрген қазақстандық ұсталды

30 маусым 2021, 12:35

Борышкер қарыздарын төлемеу үшін Ресей Федерациясында жасырынып жүрген.

Polisia.kz мәліметі бойынша, көші-қон қызметі жұмысының бағыттарының бірі атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлерді іздестіру болып табылады.

Жыл басынан бері көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызды төлемегені үшін сот орындаушыларынан жасырынып, қарыздарын төлемеген 100-ден астам адамды анықтады. Борышкерлер төлем жасамау үшін тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар оның аумағынан тыс жерлерде де жасырынып жүреді.

– Мәселен, 2021 жылғы 18 маусымда Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының 45 жастағы азаматы анықталды. Ол қарызды уақтылы төлемеу үшін көрші мемлекеттің аумағында екі жылдан астам уақыт бойы тұрған, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Сот орындаушысынан атқарушылық іс жүргізу келіп түскеннен кейін көші-қон қызметінің қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында борышкерді анықтап, қарызды өндіріп алу үшін сот орындаушысына ақпаратты жолдады.

«ШҚО ПД көші-қон қызметі борышкер қарызды төлеуден қасақана жалтарған жағдайд ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Алимент төлеуші төлем жасаудан жалтарған жағдайда оған ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік жүктеледі, делінген хабарламада.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия