
Сәлеметсіздер ме? Менің әпкем тұрмыс құрғанына 3 жыл болған еді. Кеше аяқ асты тәтем жылап хабарласты, көп ұзамай оны күйеуі дүниесімен қосып үйге алып келді. Әпкеме осы уақытқа дейін үйінде енесі, қайын апасы, күйеуі күн бермей ұрып келіпті. Ол бізге бұл туралы ештеңе айтпай келген.
Әпкемнің 2 жасар ұлы бар, ішінде 3 айлық баласы бар екен. Енді ажырасуға арыз бер, басымды босатып бер деп мазасын алып жатыр күйеуі. Күйеуі жұмыс істеп көрмеген. Үйінде тек енесі жұмыс істейді, бір мекеменің еденін жуады. Әпкем жұмыс істейді. Қыстың кезінде күйеуі оған 400.000 тг кредит алдырыпты, енесі өзі төлеймін деген көрінеді. Әлі төленбеген 280.000 тг бар екен. Осы кредитті енді жездеме қалай төлетеміз. Ажырасуға асығып жүргеніде сол-ау, кредитін төлемеу үшін ұрыс шығарып. Не шара қолдансақ болады? Ішіндегі баласына да алимент төлете аламыз ба? Күйеуі оңбаған адам, жүкті әйелін заттарымен қуып шықты. Кетерде тіпті таққан алтынына дейін алып қалыпты күйеуі. Әпкем өте момын, күйеуінің бетіне қарап сөйлей де алмайды. Ақшасын өзіне қалай төлетсек болады?