jasqazaq.kz

Кредит бойынша қарыздың кешірілгенін қалай білуге болады?

07 қыркүйек 2019, 16:00

Қазақстандықтар қарызы кешірілетіндер қатарына кіретіндердің тізімін онлайн режимде көре алады.

Кредит бойынша қарыздың кешірілетіндердің тізімін Egov.kz электронды үкімет порталындағы «Қарыз жүктемесін азайту үшін бағдарламаға қатысу мәртебесін тексеру» деген бөлімнен қарауға болады.

Сондай-ақ, 111 телефон нөміріне хабарласып, мамандардан кеңес алу мүмкіндігі қарастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары қарыз жүктемесін азайтуға қатысты барлық сауалға жауап беруге дайын.

Қарызы өтелетіндердің тізімі қалай жасалады

Қарызы өтелетіндердің тізімі орталық мемлекеттік органдардың ақпарат жүйесіндегі мәліметке сай жасалады.

Білім министрлігі жетім балалар, 29 жасқа толмаған ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар, кәмелеттік жасқа толмай ата-анасынан айырылғандар мен 23 жасқа дейінгі студенттердің тізімін әзірледі.

Әділет министрлігі ақпараттық жүйедегі мәліметтерді азаматтық хал актілері бойынша тексерді. Нәтижесінде жарлықтағы талаптарға сай адамдар (2,08 миллион адамға жуық) мен олардың отбасы мүшелерінің (465 мың адамға жуық) тізімі әзірленді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде