jasqazaq.kz

Ковидтің жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргзілуде

28 шiлде 2022, 17:23

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының  жаңа толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Шаһарда вакцина қоры жеткілікті. Ендігі ретте тұрғындар екпе алып, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қаладағы бірқатар медициналық мекемелердің дайындығын тексеріп, жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында КВИ жұқтырған 32 науқас ем қабылдап жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты. КВИ жұқтырған азаматтарды емдеуге барлық жағдай жасалған. Дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Ш.Мұқан ауруханадағы жаңадан салынған оттегі тарату стансасының жұмысымен танысып, дәріхана қорын аралап көрді.

Қалалық №5 емханада тиісті жұмыстар атқарылуда. Онда күніне 50-ден астам адам ревакциналаудан өтеді. Шыңғыс Жұмабекұлы мекемедегі вакциналау бекетін және ситуациялық орталықтың жұмыс барысын бақылады. № 3 қалалық емханада да вакциналау қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Шымкент қаласында да коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталып отыр. Қалада вакцина қоры жеткілікті. Қажетті төсек-орындар дайындалды.
Қала әкімінің бірінші орынбасары медициналық мекеме басшыларына вакциналау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды. Екпені халыққа дұрыс түсіндіріп, тұрғындардың өз еркімен егу керек. Вакциналау  жұмыстары құқық қорғау органдары тарапынан қатаң тексерілуде.

Айта кетсек, Шымкент қаласында коронавирустың ықтимал толқынына үш сценарий дайындалған. А – ағымдағы жағдай 803 төсек-орын. В –эпидемиологиялық жағдай нашарласа, төсек-орын санын 1763-ке дейін артады. С – эпидемиологиялық дағдарыс орын алса, 2 513 төсек-орын ашылады.

Тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қаладағы емханалар жанынан 75 мобиьлді бригада жасақталды. Мобильді бригада шақырту бойынша науқастарға үй жағдайында медициналық көмек көрсетеді. Қазірде 43 емханадан 76 мобильді бригада жасақталса, 137 мобильді бригада резервте тұр. Ал, эпидемиялогиялық жағдай өршіген тұста қаладағы инфекциялық стационарлар қайтадан жасақталып, медициналық көмек көрсетуге дайын.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр