jasqazaq.kz

Ковид жұққандар тұмауға қарсы вакцина салғызбағаны жөн

09 қыркүйек 2021, 16:43

Коронавирус жұқтырғандар кәдімгі тұмауға қарсы вакцина алмағаны жөн. Себебі түрлі асқынулар болуы мүмкін. Дәрігелерлер осылай дейді. Ертіс өңірінде вакциналау науқаны басталады. Бір айлық иммундау шарасына 170 мың доза қажет болса, оның 70 мыңнан астамы сатып алынды. Тұмауға қарсы жаппай вакциналаумен егде жастағылар, медицина саласының мамандары, 18 жасқа дейінгі балалар және созылмалы ауруы барлар қамтылады. Сонымен қатар, жүкті әйелдер де вакцина алады. Оларға медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Мамандардың мәліметінше, науқан кезінде облыс халқының кем дегенде 15 проценті иммундалады.

Айдар Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

— Коронавирустық инфекцияға шалдыққан азаматтар тұмауға қарсы вакцина алудан бас тартқан жөн. Себебі, ағзаның иммунитеті толық қалыптаспады. Кез келген өзге шара кері әсерін тигізуі мүмкін. Вакциналаумен бірінші кезекте созылмалы ауруларға шалдыққан азаматтар қамтылады.

24.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде