jasqazaq.kz

«Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері қар барысымен танысты

01 қазан 2019, 10:37

    Өткен демалыс күні «Шин-Лайн» компаниясы талғарлық «Ковчег» балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін Қызыл кітапқа енген, Қазақстанның символы саналатын барыс аңын зерттеуге маманданатын қазақстандық ғалыммен танымдық кездесуін өткізді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Зоология институты териология зертханасының аға ғылыми қызметкері Алтынбек Жаныспаев балаларға Қазақстанда мекендейтін бірегей жануар – ілбіс туралы айтып берді.

Балалар презентация кезінде қар барысы жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған сирек түр екендігі, оның Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізіміне және ол мекендейтін Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Үндістан, Непал, Бутан, Қытай, Моңғолия және Ресей барлығы 12 елдің Ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілгені туралы көп мағлұмат алды. Ілбіс тек Қазақстанның символы ғана емес, сонымен қатар «Шин-Лайн» компаниясының символы, жануар компанияның логотипінде бейнеленген. Бұл патшалық аң бекзаттықты, күш пен ерлікті сипаттайды. Балалар мен жасөспірімдер ғалымның әсерлі әңгімесін қызығушылықпен тыңдады, содан кейін толассыз сұрақтардың астына алды. Себебі айқын, аты аңызға айналған қар барысы Талғар тауларында мекендейді. Бұл танымдық сабақ балаларға өздеріне жақын маңда өмір сүретін жануарларды жете білуге көмектесті.

«Мұндай кездесулер балаларға жаңа дүниелерді білуге ғана емес, сонымен қатар болашақ мамандығын таңдауға да түрткі бола алады. Кім біледі, мүмкін, жылдар өте осы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі өзге балаларға сирек кездесетін жануарлар туралы дәріс оқитын шығар. Немесе белгілі суретші атанады», — деп Алтынбек Жаныспаев өз ойымен бөлісті.

Алтынбек Жаныспаевпен кездесуден кейін балалар арасында өткен «Қар барысы − Қазақстанның символы» атты сурет байқауы қорытындыланды. Әр түрлі жас тобындағы бес жеңімпаз үшін «Шин-Лайн» компаниясы живопись бойынша Алматыда өтетін шеберлік-сыныбын ұйымдастырды, оған жақын уақытта балалар бармақ. Компания атап өткендей, шеберлік сыныбы балаларға жаңа дағдылар мен білім алуға, сондай-ақ өзінің дарындылығын ашуға және жаңа суреттерге шабыттандыруға мүмкіндік береді.

«Біздің компания «Ковчег» балалар үйі үшін үнемі іс-шаралар өткізеді. Біз үшін бұл – әлемді кішкене жақсартуға мүмкіндік, ата-ана махаббатынан айырылған балаларға жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлау, оларға өз-өзіне сенуге және өмірде өз жолын таңдауға жол ашу»,- деп атап өтті «Шин-Лайн» компаниясының бас директоры Владимир Пак.

Қазақстандық ғалыммен танымдық кездесу балалар үшін нағыз мерекеге айналды, викториналар ойналды, сыйлықтар табысталды, әрине, ең дәмді балмұздақтың дәмін тату да орын алды.

«Ковчег» балалар үйінің директоры Марина Сугакова тәрбиеленушілер үшін осындай кездесулер өте маңызды екенін тілге тиек етті. Өйткені олар балаларға қоршаған ортаны жете тануға, оны сүюге және қамқорлық жасауға, жаңа адамдармен және олардың әуестіктерімен танысуға, өзінің болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға қадам жасауға көмектеседі.

Мақпал Ноғайбаева

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда