jasqazaq.kz

Көшелер сыпырылып, аялдамалар жуылды

20 маусым 2022, 15:51

Шымкент қаласында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаланың 4 ауданында бұл жұмыстар қалай атқарылып жатқанын шолып шықтық. Кезекті тазалық жұмыстары Еңбекші ауданында жүзеге асырылды. Аудан аумағына қарасты басты көшелердің аялдамаларына механикалық жуу мен қолмен тазарту жұмысы атқарылды. Аялдамалардың шыны қорғандары сүртілді.

Бұл жұмыстарға 12 арнайы көлік, жаяу жүргіншілер жолын жууға 2 трактор, аялдаманы жууға 3 арнайы көлік жұмылдырылған. Санитарлық тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар да сыпырылып, қоқыс жәшіктері тазаланды. Ауданда аталған жұмыс түрі күнделікті атқарылып, қала тазалығы басты назарға алынған.

Әл-Фараби ауданы қаланың орталық ауымғанда орналасқандықтан тазалығы да қатаң бақылауда. Басты көшелер мен аялдамаларға механикалық жуу және қолмен тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов көшесі, Тәуке хан даңғылы, Түркістан, Б.Момышұлы және Желтоқсан көшелері сұйық сабынмен жуылуда.

Аялдамаларда тазалық жұмыстарымен бірге ілінген заңсыз жарнамалар алып тасталынды. Сондай-ақ, автобус бекеттерінің айналасы сыпырылып, қоқыс жәшіктері жуылды. Аталған жұмыстарға 12 техника мен 50 жұмысшы тартылды

Қала тазалығын тұрақты бақылауда ұстау жөніндегі қала басшысы М.Әйтеновтың тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданы аумағында тазалық жұмыстары күнделікті бекітілген кестеге сәйкес орындалуда.

Ауданның санитарлық тазалық жұмыстарымен айналысатын «Жасыл жер» ЖШС тарапынан жолдарды, аялдамаларды, арықтарды тазалау жұмыстары тұрақты атқарылып келеді.

Бүгінде ауданда орталық көшелер мен ішкі орамдық жолдарға механикалық тазалау жүргізіліп, аялдамаларды жуу жұмыстары жүйелі өткізілді. Жоспарлы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 арнайы техника мен 180-ге жуық тазалық қызметкерлері қамтылды.

Аудан аумағында санитарлық тазалық, шөп ору жұмыстары қарқын алды. Бүгінде ауданда мердігер мекеме тарапынан негізгі көшелер мен ішкі орамдық көшелердің және аулалардың санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті таңғы сағат 5:00-ден бастап жүргізілуде. Орталық көшелердегі қоқыс алаңдары күнделікті, ішкі орамық көшелер аптасына бір рет тазаланады.

Тазалық жұмыстарына мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС тарапынан 300-ге жуық жұмысшы мен 120 техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, шөп ору жұмыстарына 4 бригада 45 қызметкер, 35 мотокосилка және газон ору жұмыстарына 5 бригада 30 адам 20 техника жұмылдырылған. Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр